Ауыл шаруашылығы өнімдерін алып келуге және Қазақстан арқылы транзиттеуге шектеу қойылмайды

Ауыл шаруашылығы өнімдерін алып келуге және Қазақстан арқылы транзиттеуге шектеу қойылмайды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ірі сауда нысандарына қатысты енгізілген шектеуге түсініктеме берді.

Сапархан Омаровтың айтуынша, елде COVID-19 вирусының таралуына байланысты жарияланған Төтенше жағдай кезінде «ветеринарлық және фитосанитарлық қызметтер» барлық сауда нысандарында, яғни сауда ойын-сауық орталықтарда, базар, ірі және шағын сауда орындарда штаттық режимде жұмыс істеуде. Ал, ЕАЭО мүше-мемлекеттермен және үшінші елдермен шекарадағы ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау бекеттерінде жұмыс күшейтілген.

Сондай-ақ, министр ауыл шаруашылығы өнімдерін ел аумағына алып келуге және Қазақстан арқылы транзиттеуге шектеу енгізілмейтінін хабарлады. Бұған дейін ҚР АШМ ағымдағы жылдың қаңтар айында ҚХР-дан «балық және балық өнімдерін» алып келуге және транзиттеуге шектеу қойылғанын атап өтті.

Сонымен қатар, Сапархан Омаров ЕАЭО мен үшінші елдерден ауыл шаруашылығы өнімдерін алып келу мен транзиттеу үшін көліктің барлық түрлеріне шектеу жоқ екенін мәлімдеді. Рұқсатама және ілеспе құжаттарды беру штаттық режимде жүруде.

Брифинг барысында Ауыл шаруашылығы министрі ҚР АШМ жергілікті әкімдіктерге әлеуметтік маңызы бар тауарларды экспорттаумен айналысатын кәсіпкерлерге отандық тауарды ішкі нарыққа бағыттау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұсынды.