2022 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстан Республикасы аумағына ауылшаруашылығы өнімдерін әкелу кезіндегі анықталған карантиндік объектілер туралы

2022 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстан Республикасы аумағына ауылшаруашылығы өнімдерін әкелу кезіндегі анықталған карантиндік объектілер туралы

Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларымен 2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу кезінде, залалданған карантиндік өнімдерді әкелудің алдын алу туралы 46 фактісі тіркелді, бұл жоғары тәуекелге жатқызылған 627,0 тонна өсімдік тектес өнім.

Аталған уақыт аралығында Өзбекстан, Афганистан, Литва, Нидерланды, Кения, Иран және Түркменстан елдерінен келген, жалпы салмағы 163 тонна (құрма, қырыққабат, қызанақ, тәтті бұрыш, анар) өсімдіктектес өнімнен және жалпы саны 38 510 дана жаңа кесілген гүлдерден қауіпті карантиндік организм анықталды, соның ішінде, 13 жағдайда батыс гүл трипсі (Frankliniella occidentalis) және 6 жағдайда тосповирус necrosis tospovirus, 4 жағдайда червец Комсток сымыры (comstocki (Kuwana).

         Сонымен қатар, қарағайдың қара мұртты қоңызымен залалданған (Monochamus galloprovincialis (Olivier) 30 ш.м. көлемде кесілген ағаш материалдары және жалпы самағы 289 тонна бидай мен соя шроты тіршілік ету қабілеті сақталған жатаған у кекіресімен (Acroptilon repens DC) 3 жағдайда, арам сояулармен (Cuscuta spp.) 5 жағдайда Ресейден Қазақстанға  кіргізуге жол берілмеді.

      Қырғызстан Республикасынан әкелінген, 38 тонна карантинге жатқызылған өнімдерден (жеміс түрлері және кепкен жемістер) карантиндік объектілер, 7 жағдайда шығыс жеміс жемірі (Grapholita molesta (Busck) және 4 жағдайда азиялық жеміс шыбыны (Drosophila suzukii (Matsumura) анықталды.

        Карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру барысында Нидерландыдан 70 кг. сәбіз тұқымын әкелу әрекеті кезінде карантиндік объект зебра чипы (Candidatus Liberibacter Solanacearum) анықталды.

        Жоғарыда көрсетілген барлық жағдайларда қауіпті карантиндік объектілермен залалданған карантинге жатқызылған өнімдерді қайтару және жою бойынша сәйкесінше шаралар қабылданды. Қазақстан Республикасының өсімдік карантині жөніндегі заңнамаларын бұзған тұлғаларға қатысты ӘҚБ Кодексінің  400 бабына сәйкес әкімшілік құжаттар толтырылды.

        Қазақстан Республикасы аумағына карантиндік организмдердің таралуын және енуін болдырмау мақсатында, сондай ақ шет елдердің өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі ұлттық ұйымы тарапынан Қазақстанған өсімдіктектес жүктерді экспорттау барысында бақылауды күшейту мақсатында, Комитетпен дипломатиялық арналар арқылы 46 нотификация экспортер-елдерге жолданды.