2022 жылғы шілде қыркүйек айлары аралығында Қазақстан Республикасының аумағынан күнбағыс тұқымы өнімін әкетуге квоталар көлемінің таусылуы туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

2022 жылғы шілде қыркүйек айлары аралығында Қазақстан Республикасының аумағынан күнбағыс тұқымы өнімін әкетуге квоталар көлемінің таусылуы туралы  ХАБАРЛАНДЫРУ

«Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. 2022 жылғы 5 шілдедегі № 214 бұйрығына сәйкес 2022 жылғы шілде  қыркүйек айлары аралығында Қазақстан Республикасының аумағынан күнбағыс тұқымдарын әкетуге сандық шектеулер енгізілді (СЭҚ ТН кодтары 1206 00 100 0, 1206 00 990 0). Осы бұйрыққа сәйкес күнбағыс тұқымын әкетуге квота мөлшері 15 000 (он бес мың) тоннаны құрады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2022 жылғы 14 шілдедегі жағдай бойынша 2022 жылғы шілде мен қыркүйек аралығындағы кезеңде 15 000 (он бес мың) тонна мөлшерінде күнбағыс тұқымдарын әкетуге көзделген квотаның көлемі таусылғанын хабарлайды.

Осыған байланысты квоталар көлемін одан әрі бөлу тоқтатылды.