Фитосанитарлық қауіпсіздік

Фитосанитарлық қауіпсіздік

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті, Өзбекстан Республикасының аумағынан шығарылатын багаж және жүк бөлімшелеріндегі карантинге жатқызылған өнімдерге қатысты тиісті карантиндік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру бойынша Өзбекстан Республикасының карантин қызметімен қабылдаған ақапарттары мен мәліметтерін қарап, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидалардың» 21-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, 2022 жылдың 24 мамырынан бастап Қазақстан Республикасы аумағына багаж және жүк бөлімшелеріндегі карантинге жатқызылған өнімдерді Өзбекстан Республикасының өсімдіктер карантині және қорғау бойынша Агенттігінің кепілдігімен  әкелуге рұқсат етілді.