
Аталған кезеңде Бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарды және өсімдіктер карантині саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын және Ресей Федерациясының аумағынан карантинге жатқызылған өнімді әкелу кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын бұзу фактілері анықталды. Осыған байланысты, Түркия Республикасынан 20 тонна арпа уыты, 18 тонна пісте, 19,329 тонна кептірілген інжір және ассортиментте 177,41 тонна жеміс, Польшадан 19,6 тонна жеміс және 18 тонна азық-түлік арпа, 6,77 тонна кептірілген жеміс, 750 дана жаңа жылдық ағаштар, 80 м3 қылқан жапырақты тұқымдар балансы және т. б. ұсталды.. Сондай-ақ, жарамсыз сертификатпен бірге Ресей Федерациясынан 30 м3 ағаш әкелуге әрекет жасау фактісі анықталды.
Нәтижесінде бұл жүктер импорттаушының еліне қайтарылды.
Көрсетілген кезеңде өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманың бұзылуына жол берген кінәлі тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 400-бабы бойынша әкімшілік материалдар жасалып, 1,2 млн.теңге сомасына айыппұл салынды.
Сонымен қатар, жыл басынан бері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциялары өсімдіктер карантині саласында 775 бұзушылықты анықтады, бұзушылықтардың нәтижелері бойынша 74,1 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұлдар салынды.