
Өзбекстан Республикасының аумағынан фитосанитариялық сертификатсыз жалпы көлемі 0,28 тоннадан астам құрма, жүзім, қауын, мақсары тұқымдарын әкелу әрекеттерінің алдын алынды.
Сонымен қатар, Ауғанстан аумағынан ассортиментте 61,8 тонна кептірілген жеміс импорты кезінде бұзушылықтар анықталды. Нәтижесінде аталған жүктер экспорттаушының еліне қайтарылды.
Сондай-ақ, Қырғыз Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарына жауап бермейтін жалпы көлемі 53,53 тоннадан астам алма, грек жаңғағы, картоп, қырыққабатты әкелудің 10 заңсыз әрекеті анықталды.
Өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманың бұзылуына жол берген кінәлі тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 400-бабы бойынша әкімшілік материалдар толтырылып, айыппұл салынды.
Сонымен қатар, жыл басынан бері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан және Жамбыл облыстық аумақтық инспекциялары өсімдіктер карантині саласында 707 бұзушылықты анықтады, бұзушылықтар нәтижесі бойынша 53,1 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды.