Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы 3,254 мың тоннадан астам өнімнің заңсыз әкелінуіне жол бермеді.

Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы 3,254 мың тоннадан астам өнімнің заңсыз әкелінуіне жол бермеді.

Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы 3,254 мың тоннадан астам өнімнің заңсыз әкелінуіне жол бермеді.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру кезінде 3,254 мың тоннадан астам, 68,5 текше метр, 700 дана импорттық карантинге жатқызылған өнімді ұстады.

Карантинге жатқызылған өнім Ресей Федерациясынан әкелінді.

2021 жылғы 1 желтоқсан мен 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімді заңсыз әкелудің 184 фактісінің жолы кесілді.

Карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау барысында ассортиментте Ресей Федерациясының аумағынан 2147,3 тонна жемістер мен көкөністерді, жалпы көлемі 1,3 тоннадан астам кептірілген жемістерді, 2 тонна көгал шөптерінің тұқымдарын, 790 тонна картопты, 38,1 тонна бидайды, 40 тонна арпаны, 94 тонна қызылшаны, 1,687 тонна дәмдеуіш қоспаларын, 19,2 тонна жүгеріні, 68,5 м.куб кесілген материалдарды, 700 дана көлемінде жаңа жылдық ағаштарды әкелу кезінде фитосанитариялық сертификаттардың жоқтығы анықталды.

Өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманың бұзылуына жол берген кінәлі тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 400-бабы бойынша әкімшілік материалдар жасалып, 10,9 млн.теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Сондай-ақ экспорттаушы елдің фитосанитариялық сертификатының болмағаны үшін 19,2 тонна мөлшерінде карантинге жатқызылған жүгеріге 1 қайтару актісі жасалды.

Сонымен қатар, жыл басынан бері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық бөлімшесі өсімдіктер карантині саласында 1 430 бұзушылықты анықтады, нәтижесінде 86,1 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды.