Елордада залалданған 8 220 түп раушан гүлі жойылды

Елордада залалданған  8 220 түп раушан гүлі жойылды

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекцияның өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлармен кезекті карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу барысында Кения және Литва елінен әкелінген раушан гүл кескіндерінен карантиндік объект батыс гүл трипсін (Frankliniella occidentalis Pergande) анықтады. Залалданған көлем барлығы 8220 дана, Атап айтқанда: Кениядан 7640, Литвадан 580 дана құрады.

Карантиндік зиянкестің таралуын алдын алу мақсатында 8 220 дана  залалданған гүлдер Соттың қаулысымен алынып, ағымдағы жылдың 29 наурызда, ЭКО Полигон аумағында өртеу әдісімен жойылды.

Сонымен қатар, аталған факті бойынша Кодекстің 400-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасы негізінде әкімшілік істер қозғалып, Соттың шешімімен өнім иелеріне 81 676 теңгеге және 61 257 теңгеге айыппұлдар салынды.