Қазақстанға 700 тоннадан астам шетелдік қызанақ кіргізілмеді

Қазақстанға 700 тоннадан астам шетелдік қызанақ кіргізілмеді

Жыл басынан бері Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары Әзірбайжан, Түркіменстан, Өзбекстан және Түркиядан тасымалданған жалпы салмағы 700 тоннадан асатын 50 шақты  қызанақ партиясын ұстады.

Тасымалданатын көкөністерден томат жемістерінің қоңыр әжімді вирусы (ToBRFV) анықталғандықтан Қазақстан аумағына кіргізуге  тыйым салынды.

Айта кетейік, есепті кезеңде АӨК мемлекеттік инспекция комитеті экспорттаушы елдерге сәйкессіздік туралы 297 нотификация жіберді, оның ішінде карантиндік объект ретінде анықталған 86 нотификация, онда томат жемістерінің қоңыр әжімділігі бар 53 вирусы анықталған.

ҚР АШМ АӨК-гі мемлкеттік инспекция комитетінің

баспасөз-қызметі