АӨК мемлекеттік инспекция комитеті 2020 жылы атқарған жұмысы жайлы есеп берді

АӨК мемлекеттік инспекция комитеті 2020 жылы атқарған жұмысы жайлы есеп берді

АӨК мемлекеттік инспекция комитеті 2020 жылы атқарған жұмысы жайлы есеп берді

 

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің 2020 жылғы өңірлік аумақтық инспекцияларының жұмыс қорытындылары бойынша кеңес өткізді.

Кеңес барысында АӨК МИК төрағасы Алмабек Марс инспекцияның фитосанитарлық іс-шаралары мен бақылау-инспекциялық жұмысының нәтижелері туралы айтып берді. Сондай-ақ, облыстық аумақтық инспекция басшылары баяндама жасады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 9 қарашадағы және 3 желтоқсандағы Жарлықтарына сәйкес Ауыл шаруашылығы министрі Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің бірқатар қызметкерлерін мемлекеттік және мерейтойлық наградалармен марапаттады.

Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Лавр Хайретдинов «Құрмет» орденімен, Панфилов (Алматы облысы) және Құрманғазы (Атырау облысы) аудандық аумақтық инспекцияларының басшылары Абай Нұрымов пен Арман Құмарғалиев - «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Марат Шәкімов «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.