Комитет төрағасы аумақтық инспекциялар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларымен 2026 жылдың I жартыжылдығының қорытындысы бойынша жиын өткізді

Комитет төрағасы аумақтық инспекциялар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларымен 2026 жылдың I жартыжылдығының қорытындысы бойынша жиын өткізді

ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сәкен Қаныбеков, аумақтық инспекциялар мен ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының қатысуымен кеңес өтті. Кездесу барысында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, бейінді басқармалар басшыларының баяндамалары тыңдалды.

Талқылаудың басты тақырыптары - шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес шаралары маусымын аяқтау, бақылау бекеттерінде фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері болды.

Бірінші мәселе бойынша Үкіметтің уақтылы қолдауы мен Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың ерекше бақылауының арқасында үйірлі шегіртке зиянкестерімен күрес маусымы сәтті аяқталғаны атап өтілді.

Соңғы екі жылда фитосанитариялық қызметті жаңғырту, мониторинг құралдарын дамыту және тәуекелдерді алдын ала басқару арқылы химиялық өңдеу алаңын 3,1 млн гектардан 1,8 млн гектарға дейін (42%-ға) қысқартуға мүмкіндік туды.

Жиынға қатысушылар фитосанитариялық бақылау бекеттерінің жұмысына және өсімдіктер карантині мәселелеріне ерекше назар аударып, карантинге жатқызылған өнімдерді заңбұзушылықтармен әкелудің жолын кесу шараларын талқылады.

Жиналыстың үшінші маңызды блогы ведомстводағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға және жолын кесуге бағытталған кешенді шараларды талқылау болды.

Кеңесті қорытындылай келе, Комитет төрағасы өсімдіктерді қорғаудың өткен маусымының нәтижелеріне оң баға беріп, қызметкерлерге атқарған жұмыстары үшін алғыс білдірді. Сонымен бірге ведомство басшысы аумақтық инспекциялардың басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, фитосанитариялық бекеттердегі бақылауды күшейту жөніндегі белсенді жұмысты жалғастыру, сондай-ақ құрылымның барлық деңгейінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігін жүйелі түрде арттыру тапсырылды.