Төраға орынбасары Ақтөбе облысындағы фитосанитариялық бақылау бекеттерді аралады

Төраға орынбасары Ақтөбе облысындағы фитосанитариялық бақылау бекеттерді аралады

ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары Саят Сақмолдин Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды.

Сапардың негізгі мақсаты — шекарадағы негізгі өткізу бекеттерінің жұмысымен танысу және өңірдің фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін бағалау. Сапар аясында Саят Сақмолдин «Әлімбет» және «Жайсан» фитосанитариялық бақылау бекеттерінің қызметімен егжей-тегжейлі танысып, ондағы техникалық жабдықталу деңгейі мен инспекторлардың жұмыс регламентін тексерді.

Тексеру барысында сырттан әкелінетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімдерді тексеру процедураларына ерекше көңіл бөлінді. Төраға орынбасары Қазақстан Республикасының фитосанитариялық стандарттарына сәйкес келмейтін тауарларды импорттаудың кез келген әрекетіне тосқауыл қоюдың маңыздылығын атап өтті.

Инспекция соңында Саят Сақмолдин аумақтық инспекция басшылығымен жұмыс кеңесін өткізіп, оның барысында сапасыз өнімдердің келу қаупіне жедел әрекет ету бойынша нақты тапсырмалар берді. Жүктердің қозғалысына бақылауды күшейту елдің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін тұрақты фитосанитариялық жағдайды сақтаудың басым міндеті екені айтылды. Шекараның осы учаскелерінде қадағалау тетіктерін жетілдіру жұмыстары күшейтілген режимде жалғасатын болады.