Абай облысында өңірдің фитосанитариялық тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізілуде

Абай облысында өңірдің фитосанитариялық тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізілуде

Бородулиха ауданында 2026 жылы шегіртке тектес зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге дайындық мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңеске Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Қаныбеков Сәкен Әсембекұлы қатысты. Сондай-ақ, Абай облысының әкімі Берік Уәли, ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ басшысы Елтай Хамиджанұлы және өсімдіктерді қорғау қызметінің мамандары қатысты.

Кеңес барысында алдағы маусымға дайындық мәселелері, оның ішінде мониторингті ұйымдастыру, зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу және химиялық өңдеулерді уақтылы іске асыру мәселелері қаралды. Қаныбеков Сәкен Әсембекұлы сапалы дайындық пен барлық қызметтердің үйлесімді жұмысының маңыздылығын атап өтті.

2026 жылы облыс аумағында үйірлі шегіртке зиянкестеріне қарсы 119,310 мың гектар аумақта химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін 79 маман тартылып, химиялық өңдеулерге 23 бірлік бүркігіш техника жұмылдырылады.

Жұмысты үйлестіру мақсатында өңірде 11 аудандық штаб құрылып, олардың отырыстары тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Қазіргі уақытта шегіртке тектес зиянкестердің күбіршек салынған орындары бойынша көктемгі мониторинг жүргізілуде. Химиялық өңдеу жұмыстары олардың таралу ошақтары анықталған жағдайда жүргізіледі.

Аталған іс-шаралар кешенін іске асыру шегіртке зиянкестерінің таралу ошақтарын дер кезінде анықтауға және оқшаулауға, сондай-ақ өңірдің ауыл шаруашылығы алқаптарына келетін қауіп-қатерлерді барынша азайтуға мүмкіндік береді.