
2026 жылғы 2 сәуірде Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмыс жоспарына сәйкес, Комитет төрағасының орынбасары Саят Сарқытбайұлының төрағалығымен, Әдеп жөніндегі уәкіл Аманжол Мырзаханұлының ұйымдастыруымен кеңейтілген жиын өтті.
Шараға арнайы шақыртумен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының кеңесшісі Смайыл Сүйерқұлұлы қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жиын барысында қарастырылған негізгі мәселелер:
-Мемлекеттік аппараттың бейтараптылығы: Қызметкерлердің діни бірлестіктердің қызметіне тартылуына жол бермеу және ұстанымдардың тәуелсіздігін сақтау.
-Ресми мінез-құлық қағидалары: Әдеп кодексінің талаптарына сай іскерлік этикетті ұстану және лауазымдық міндеттерді мүлтіксіз орындау.
-Жауапты тұлға бейнесі: Мемлекеттік қызметшінің қоғам алдындағы абыройын қалыптастыру, адалдық пен парасаттылық құндылықтарын насихаттау.
Жиын соңында қатысушылар Әдеп кодексінің нормаларын қатаң сақтауға және мемлекеттік қызметтің мәртебесін асқақтатуға шақырылды. Түсіндіру жұмыстарын жүргізген Смайыл Сүйерқұлұлына және ынтымақтастық орнатқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына алғыс білдірілді.