Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті қалдықтардың барлық түрлерін басқару саласындағы мемлекеттік реттеуді жүйелеу мәселелеріне арналған стратегиялық сессияға қатысты. Іс-шара Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Жасыл даму» АҚ бірлесіп 2026–2030 жылдарға арналған қалдықтардың басқару тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде өткізілді.
Сессия жұмысына орталық мемлекеттік органдардың комитеттері, әкімдіктер, бағынышты ұйымдар мен салалық кәсіпорындардың өкілдері қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – қалдықтардың басқару тұжырымдамасын жүзеге асыруға біртұтас тәсілдер әзірлеу, мемлекеттік реттеу механизмдерін нақтылау және қалдықтармен жұмыс істеу жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау.
Талқылау барысында «Жасыл даму» АҚ-ның қалдықтарды басқару ұлттық орталығы ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды, ол қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы реттеуші процестерді үйлестіруді, әдістемелік сүйемелдеуді және интеграцияны қамтамасыз етеді.
Қатысушылар қалдықтармен жұмыс істеудің негізгі бағыттарын қамтитын тоғыз салалық топта жұмыс жасады: өндірістік және қауіпті қалдықтардан бастап ауылшаруашылық және медициналық қалдықтарға дейін. Қолданыстағы реттеу механизмдері қаралды, проблемалық мәселелер анықталды және қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру бойынша, оның ішінде процестерді цифрландыру және нормативтік-құқықтық базаны түзету бойынша ұсыныстар жасалды.
Стратегиялық сессия қорытындысы бойынша мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыруға, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және тұрақты даму мақсаттарына жетуге бағытталған қалдықтарды басқару жүйесін одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар әзірленді.