ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің өкілдері Қырғыз Республикасының Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрлігінің химияландыру, өсімдіктерді қорғау және карантин департаменті ұйымдастырған Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің фитосанитариялық ведомстволарының уәкілетті өкілдерінің дайындық бейнеконференциясына қатысты.
Конференция барысында қатысушылар 2026 жылғы сәуір айында өткізу жоспарланып отырған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің фитосанитариялық ведомстволары басшыларының кеңесін дайындауға қатысты негізгі ұйымдастырушылық және мазмұндық мәселелерді талқылады.
Атап айтқанда, күн тәртібінің жобасы, негізгі кеңесті өткізу форматы мен регламенті, баяндамалардың тақырыптары және қорытынды құжаттардың жобалары қаралды.
Сондай-ақ фитосанитариялық саладағы ынтымақтастықты дамыту, сауда байланыстарын нығайту және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің келісілген фитосанитариялық саясатын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша ШЫҰ-2026 негізгі кеңесін дайындау бойынша алдағы қадамдар жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.