Фитосанитариялық қауіпсіздік мәселелері қаралды

Фитосанитариялық қауіпсіздік мәселелері қаралды

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Е. Кенжеханұлының төрағалығымен фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және фитосанитариялық қатерлердің алдын алу мәселелері бойынша кеңес өтті.

Іс-шараға Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің, аумақтық инспекциялардың, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кеңес барысында фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы 2025 жылғы жұмыстың қорытындылары шығарылып, қол жеткізілген негізгі нәтижелер талқыланды. Сонымен қатар, 2026 жылға арналған басым міндеттер мен жоспарлар айқындалды. Фитосанитариялық қатерлердің алдын алу және оларды азайту, мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша вице-министр фитосанитариялық қауіпсіздік шараларын күшейтуге, аумақтық бөлімшелердің жауапкершілігін арттыруға және елдің агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған нақты тапсырмалар берді.