
Комитеттің Әдеп жөніндегі уәкілі А. Махашев Комитет пен аумақтық инспекциялардың қызметкерлеріне Zoom платформасында онлайн семинар өткізді.
Кездесудің тақырыбы «Сыйлықтарды өтеусіз беру жөніндегі жадынама» болды. Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормалары мен мемлекеттік қызметтің әдеп стандарттары, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты сыйлықтар алынған жағдайда мемлекеттік қызметшілердің іс-қимыл тәртібі түсіндірілді.
Мүдделер қақтығысының алдын алуға, адалдық қағидаттарын сақтауға және әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігіне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға заңнама талаптарын қатаң сақтау және мемлекеттік орган үшін беделдік тәуекелдерге әкеп соғуы мүмкін әрекеттерге жол бермеу қажеттігі еске салынды.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, жадынама ережелерін қызметтік қызметте қолдану бойынша практикалық түсіндірмелер алды. Мұндай түсіндіру іс-шараларын өткізу мемлекеттік қызмет жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастыруға және әдептік құндылықтарды нығайтуға бағытталған.