Хабарлама

Хабарлама

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларының (ҚР ҰЭМ 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген) 20-тармағының негізінде Астана қаласы уақыты (3 жұмыс күні ішінде) 2026 жылғы «15» қаңтардан сағат 9.00-ден «19» қаңтар  сағат 18:30-ға дейін жоспарланған ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында, сондай-ақ зум-конференция арқылы «Қазақстан Республикасы аумағында карантинге жатқызылған өнімді тасымалдау кезінде карантиндік сертификатты міндетті түрде рәсімдеуді енгізу» бойынша қоғамдық талқылаулар өткізу жоспарлануда екенін хабарлайды.

Қоғамдық талқылауға зум-конференция арқылы қатысқысы келетіндерге өз кандидатураларын электрондық мекенжайына жолдауды сұраймыз: tlessova.a@minagri.gov.kz, байланыс телефондары: +7 (7172) 555-941, 87714418324.