Фитосанитариялық өзара әрекеттесу мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті

Фитосанитариялық өзара әрекеттесу мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті

Астанада Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары Мурат Иргибаев пен Еуразиялық экономикалық комиссияның Санитарлық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаменті директорының орынбасары Сымбат Қалиасқаров арасында жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында Техникалық реттеу жөніндегі кеңестің Карантиндік фитосанитариялық шаралар бойынша кіші комитетінің соңғы отырыстарының қорытындылары талқыланып, департамент пен комитеттің ЕАЭО аясында карантиндік фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы өзара әрекеттесу қаралды.

Сонымен қатар, тараптар Қазақстан Республикасы тарапының «Фитосанитариялық шаралар» бойынша жұмыс тобы мен Кіші комитет құрамын жаңарту қажеттігін жеке қарастырды.

Кездесуге қатысушылар бірлескен жұмысты жалғастыруға және фитосанитариялық бақылаудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясында қауіпсіз сауданы қамтамасыз ету үшін ынтымақтастықты күшейтуге дайын екендіктерін растады.