
2025 жылғы 4 желтоқсанда Астанада Еуразиялық экономикалық комиссияның карантиндік фитосанитариялық шаралар жөніндегі Кішікомитетінің отырысы өтті. Отырысқа ЕЭК өкілдері мен ЕАЭО мүше мемлекеттерінің уәкілетті органдары қатысып, Одақтың фитосанитариялық қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған негізгі бастамаларды талқыланды.
Күн тәртібінде сала дамуының әрі қарай бағытын айқындайтын мәселе қаралды:
1. ЕАЭО-ның карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану саласындағы нормативтік-құқықтық базасын өзектендіру. Қатысушылар реттеуді жетілдіру және халықаралық стандарттармен үйлестіру бойынша ұсыныстарын енгізді.
2. Карантинге жатқызылған өнімнің қадағалану тәртібін іске асыру. Қадағалану жүйесінің өнім қозғалысының ашықтығын арттыратыны және қауіпті зиянды организмдердің әкелінуі мен таралуын болдырмауға ықпал ететіні атап өтілді.
3. «Еуразиялық экономикалық жол» Декларациясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын 2030 жылға дейін және 2045 жылға арналған кезеңге әзірлеуге қатысу, оның ішінде фитосанитариялық шаралар бөлігінде. Цифрландыру, деректер алмасуды кеңейту және бақылау тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар талқыланды.
Қатысушылар фитосанитариялық қауіпсіздікті нығайту, реттеудің заманауи тетіктерін дамыту және Одақтың ішкі нарығының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екенін растады.