Комитет қызметкерлері Маңғыстау облысындағы «Актау халықаралық теңіз сауда порты» мен «Актау теңіз солтүстік терминалы» фитосанитариялық бақылау бекеттерінің жұмыс барысымен танысты

Комитет қызметкерлері Маңғыстау облысындағы «Актау халықаралық теңіз сауда порты» мен «Актау теңіз солтүстік терминалы» фитосанитариялық бақылау бекеттерінің жұмыс барысымен танысты

Басшылықтың тапсырмасына сәйкес Агорөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Өсімдіктер карантинінің республикалық орталығы» мемлекеттік мекемесінің және «Фитосанитария» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының басшыларымен бірге Маңғыстау облысындағы фитосанитариялық бақылау бекеттерінің қызметімен танысты.

Бекеттерді аралаудың негізгі мақсаты – ҚР Үкіметінің арнайы қаулысы аясында зертханалық сараптамаларды жүргізу тәртібі бойынша қызметкерлермен түсіндіру жұмыстарын өткізу, сондай-ақ зертханалық сараптамаларды жүргізу және Үкімет қаулысына сәйкес референттік зертхана құру мәселелерінде «Өсімдіктер карантинінің республикалық орталығы» мемлекеттік мекемесі мен «Фитосанитария» РМК арасындағы өзара іс-қимылды бақылау болып табылады.

Сондай-ақ бекеттердің ағымдағы қызметі мен материалдық-техникалық базасы зерделеніп, ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдаушылармен карантиндік фитосанитариялық талаптарды сақтау қажеттілігі жөнінде түсіндіру шаралары жүргізілді.

Сонымен қатар Маңғыстау облысында карантинге жатқызылған өнімге қатысты фитосанитариялық сараптама жүргізу барысында ПТР (полимеразды тізбекті реакция) әдісін қолдануды енгізу жоспарлануда.

Тексеру қорытындысы бойынша әкелінетін өнімге бақылауды күшейту, фитосанитариялық іс-шараларды уақытылы және жедел жүргізу арқылы Қазақстан Республикасының фитосанитариялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті жүмыстар ұйымдастырылатын болады.