ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры бос лауазымына конкурс жариялайды

ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры бос лауазымына конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры бос лауазымына конкурс жариялайды.

Функционалдық міндеттері: Кәсіпорынның жалпы қызметіне басшылық ету, соның ішінде: Қазақстан Республикасы бойынша фитосанитариялық мониторинг жүргізу; карантиндік нысандар мен зиянды организмдерге зертханалық зерттеулер жүргізу; зақымдану ошақтарын алдын алу және оқшаулау бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру.

Мемлекеттік фитосанитариялық саясатты іске асыру міндеттерін қамтамасыз ету: мемлекеттік тапсырыстарды, бағдарламаларды және уәкілетті орган тапсырмаларын орындау; Халықаралық келісімдер шеңберінде ҚР-ның халықаралық міндеттемелерін орындауға қатысу.

Кәсіпорынның даму стратегиясын әзірлеу және іске асыру, оның ішінде: фитосанитариялық мониторинг және мәліметтерді өңдеу саласындағы инновациялар; цифрлық шешімдерді енгізу.

Зертханалық-диагностикалық қызметті ұйымдастыру: зертханалық базаны дамыту, аккредитация, халықаралық сапа стандарттарын енгізу; зерттеу нәтижелерінің дәлдігі мен уақтылығын бақылау.

Аймақтық бөлімшелердің жұмысын үйлестіру және бақылау: еліміздің барлық өңірінде мониторинг пен тексеруді қамту; зиянкестер ошақтары мен фитосанитарлық қауіптерге жедел әрекет ету.

Ұлттық және халықаралық деңгейде кәсіпорынның мүдделерін білдіру: халықаралық ұйымдардың отырыстары, жұмыс топтары, форумдарына қатысу; көршілес мемлекеттердің кедендік, ветеринариялық және санитариялық қызметтерімен ынтымақтастық орнату.

Нормативтік құжаттар мен стандарттарды әзірлеуге және енгізуге қатысу: карантиндік нысандарды анықтау, бақылау және жою бойынша; өсімдіктерді химиялық және биологиялық қорғау әдістері бойынша.

Қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету: қоршаған ортаны қорғау, биоқауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар.

Кәсіпорынның кадрлық саясатын жүзеге асыру: кадрларды даярлау және қайта даярлау; кадрлық резервті қалыптастыру, аттестаттау, қызметкерлердің тиімділігін бағалау.

Қаржы-экономикалық басқару: кәсіпорынның бюджетін жоспарлау және орындау; шығындарды оңтайландыру, тиімді шаруашылық жүргізуді қамтамасыз ету. сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласында: агрономия немесе өсімдіктерді қорғау және карантин немесе топырақтану және агрохимия немесе жеміс-көкөніс шаруашылығы немесе фитосанитарлық қауіпсіздік немесе аграрлық техника және технология немесе орман ресурстары және орман шаруашылығы немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласында: биология немесе биотехнология немесе педагогикалық ғылымдар саласында: биология немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласында: жерге орналастыру немесе бизнес, басқару және құқық саласында: құқықтану немесе экономика мамандығы бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Конкурс 2015 жылғы 2 ақпандағы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің № 70 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидалары негізінде жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау сайтқа конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.

Құжаттарды қабылдау мекен-жайы: Астана қ., Мәңгілік Ел д.,8, 3 кіреберіс, 710 каб., байланыс тел. 555-885, sailauova.a@minagri.gov.kz.

Конкурс өткізілетін күн: Конкурсқа қатысуға жіберілген үміткерлердің тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия сайтқа әңгімелесу өткізу кестесі орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушы үміткерлермен Астана қ., Мәңгілік Ел д.,8, 3 кіреберіс, 710 каб. мекен-жайында әңгімелесу өткізеді.