
2025 жылғы 23 шілдеде Қазақстан Республикасының Өсімдіктер карантині және қорғау жөніндегі ұлттық ұйымы Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің фитосанитариялық ведомстволары басшыларының екінші кеңесіне қатысты.
Іс-шара аясында Қазақстан Республикасы ҰӨҚҰ төрағасы Сәкен Қаныбеков пен Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы төрағасының орынбасары Чжао Чжэньлянь арасында екіжақты кездесу өтті.
✔️ Кездесу барысында тараптар қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық номенклатурасын кеңейту, ауыл шаруашылығында ғылыми негізделген зиянды организмдерге қарсы күрес әдістерін енгізу, фитосанитариялық тәуекелдерді басқару және цифрлық шешімдерді қолдану арқылы ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендіктерін білдірді.
🫒 Сонымен қатар, шие, күріш, мақта тұқымы және бақша дақылдарын Қытай нарығына экспорттау жөніндегі Хаттамалар жобаларын келісу үдерісін жеделдету мәселелері басты назарда болды.
💻 Фитосанитариялық қызмет мамандары арасында тәжірибе алмасу туралы келісімге қол жеткізілді. Бұл — ҚХР-дың Тяньцзинь қаласындағы «ақылды порт» негізінде жұмыс істейтін кеден қызметінің тәжірибесін зерделеу және оны Қазақстанның фитосанитариялық жүйесіне бейімдеу мақсатында жүргізіледі.