Қазақстан ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің фитосанитариялық органдары басшыларының екінші кеңесіне қатысты

Қазақстан ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің фитосанитариялық органдары басшыларының екінші кеңесіне қатысты

2025 жылғы 23 шілдеде Қазақстан Республикасының Өсімдіктер карантині және қорғау жөніндегі ұлттық ұйымы Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің фитосанитариялық органдары басшыларының екінші кеңесіне қатысты. Іс-шара Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатыр.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында азық-түлік және фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету басым бағыттардың бірі болып табылады. Бұл өз кезегінде фитосанитариялық бақылаудың тиімді жүйесімен тікелей байланысты.

ШЫҰ ауыл шаруашылығы дамып келе жатқан және сыртқы экономикалық қызметі белсенді елдерді біріктіреді.

Ұйым – Шығыс Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азияға дейінгі кеңістікте өсімдіктер карантинінің үйлестірілген жүйесін құруға мүмкіндік беретін бірегей алаң.