Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқық бұзушылықтардың алдын алу сұрақтары қаралды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқық бұзушылықтардың алдын алу сұрақтары қаралды

2025 жылғы 19 маусымда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Е. Кенжеханұлының төрағалығымен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті, оның аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қатысуымен кеңес өтті.

Кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, құқық бұзушылықтардың алдын алу, ішкі бақылауды күшейту, сондай-ақ Комитет жүйесіндегі қызметтің ашықтығы мен есептілігін арттыру мәселелері қаралды.

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мен оларды барынша азайтуға, сондай-ақ жергілікті деңгейде құқық бұзушылықтардың алдын алуды қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың практикалық шараларын іске асыруға ерекше назар аударылды.

Қатысушылар ашық диалогтың, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың және барлық деңгейдегі басшылардың дербес жауапкершілігінің маңыздылығын атап өтті. Кеңес қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін одан әрі жетілдіруге бағытталған нақты тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.