Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Брифингтің тақырыбы – биылғы жылы жүргізіліп жатқан шегірткеге қарсы алдын алу және күрес шаралары.
Вице-министрдің айтуынша, 2025 жылы шоғырланып тіршілік ететін шегіртке зиянкестері 2,1 млн гектар аумаққа таралады деп болжануда. Бұл 2024 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 1 млн гектарға аз.
Зиянкестерді анықтау үшін жүргізілетін тексерулерге 4600-ден астам маман қатысады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.
Әрбір өңірде әкімдіктер жанынан арнайы штабтар құрылып, оларды облыс әкімдерінің орынбасарлары басқарып отыр. Бұл анықталған ошақтарға жедел және үйлесімді әрекет етуге мүмкіндік береді.
Өңдеу тиімділігін арттыру мақсатында 2025 жылы бүрку техникасының өнімділік нормативтері қайта қаралып, нәтижесінде техниканың көбірек саны тартылды. Жалпы, химиялық өңдеулерге 443 бірлік арнайы техника тартылады, оның ішінде жерүсті бүріккіштер, аэрозоль генераторлары, өте жеңіл ұшатын аппараттар, ұшақтар және дрондар бар.
2024 жылы бюджет қаражатын үнемдеу есебінен қосымша 53 дрон (оның 46-сы өңдеуге, 7-еуі мониторингке), сондай-ақ инспекторлар үшін 68 автокөлік сатып алынды.
«Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, FitoSpace автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу жалғасуда. Сонымен қатар дрондар мен жасанды интеллект технологияларын пайдаланатын геоақпараттық мониторинг жүйесі әзірленіп жатыр.
Екіжақты келісімдер аясында Қазақстан Өзбекстан, Ресей, Қытай және Қырғызстанмен белсенді ынтымақтастық жүргізуде. Ақпарат алмасу, шекара маңы аумақтарын бірлесіп тексеру және зиянкестердің көшуін болдырмауға бағытталған іс-қимылдарды үйлестіру жүзеге асырылуда.
Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар орталығының деректеріне сәйкес, бүгінде 1 485,7 мың гектар алқап тексерілді, оның 400,9 мың гектарына өңдеу жүргізілуі тиіс. Қазіргі таңда 397,3 мың гектар алқап өңделді, оның ішінде Жамбыл облысында – 29,4 мың га, Түркістан облысында – 367,3 мың га.
Шегірткемен күрес шаралары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің тұрақты бақылауында.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жұмыс сапары барысында Түркістан облысында марокко шегірткесіне қарсы жүргізіліп жатқан шаралармен танысты.
Болжамға сәйкес, 2025 жылы өңірде үйірлі шегіртке зиянкестерінің таралуы 192 мың гектар аумақты қамтиды деп күтілуде. Алғашқы ошақтар сәуір айының басында тіркеліп, 6 сәуірден бастап ауыл шаруашылығы алқаптарында химиялық өңдеу жұмыстары басталды.
Бүгінгі күнге дейін 350 мың гектардан астам жер өңделді. Іс-шараларға агродрондарды қоса алғанда, 193 бүріккіш техника және мониторинг пен фитосанитарлық бағалау жүргізетін 980 маман тартылған.
Министр жұмыстардың сапасына, әсіресе жоғары технологиялық жабдықтарды қолдану аясында, қатаң бақылау жүргізу қажеттігін атап өтті:
«Препараттар жеткілікті, техника, соның ішінде дрондар бар. Бақылауды күшейтіңіздер. Барлық өңдеу жұмыстары сапалы әрі уақытылы орындалуы тиіс. Шегіртке қанаттанып үлгермеуі керек», — деді Айдарбек Сапаров.
Айта кетейік, 2024 жылы шегірткелердің таралуына қатысты болжам 271,6 мың гектарды құрағанымен, күрес шаралары шамамен 390 мың гектар аумақты қамтыды. Химиялық өңдеу заманауи техника мен жоғары тиімділігі бар препараттар арқылы оңтайлы мерзімде жүргізіліп, жоғары биологиялық тиімділікке қол жеткізілді.
Мамандардың үйлесімді және кәсіби жұмысының арқасында ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдануының алдын алынып, зиянкестердің көршілес мемлекеттердің шекаралас аумақтарына өтуіне жол берілмеді.
2024 жылы Қазақстанда үйірлі шегіртке зиянкестерінің таралуы 2,5 млн гектар аумақты қамтиды деп болжанған. Алайда күрес шаралары нақты түрде 3,1 млн гектар жерді қамтыды. Химиялық өңдеулер барысында 423 бүріккіш техникасы қолданылды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдануына және шегірткелердің көршілес аумақтарға көшуіне жол берілмеді.
«Пестицидтер мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде 694 млн теңге көлемінде үнемделген бюджет қаражаты есебінен 7 барлау дроны, 46 химиялық өңдеуге арналған дрон және 68 автокөлік сатып алынды. Түркістан және Жамбыл облыстарында шегіртке ошақтарын анықтауда барлау дрондары жоғары тиімділікті көрсетті», — деп хабарлады Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті.
Химиялық өңдеуге арналған агродрондар Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында қолданылады.
Түркістан және Жамбыл облыстарында дрондармен мың гектардан астам жер өңделді. Қолданылатын технология қысқа мерзімде және жоғары дәлдікпен жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.
Аталған өңірлерде шоғырланған шегіртке зиянкестерінің таралуын болдырмау мақсатында фитосанитариялық іс-шаралар белсенді жүргізілуде. 907,09 мың гектар жерге зерттеу жүргізіліп, оның ішінде 7 дрон пайдаланылды. Зиянкестер қоныстанған аумақ көлемі 456 мың гектарды құрап, оның 354 мың гектары экономикалық зияндылық шегінен асты.
Қазіргі таңда 348 мың гектар жер өңделді: Жамбыл облысында — 14 мың, Түркістан облысында — 335 мың гектар.
Күрес шараларын тиімді жүргізу үшін 207 жер үсті бүріккіш техника, 5 ұшақ, 8 дрон және 1 000-нан астам маман жұмылдырылған. Өңдеу жұмыстары агротехникалық мерзімде, жоғары биологиялық тиімділікпен жүргізілуде.
Биыл шегіртке зиянкестерінің таралуы 2,1 млн гектар аумақта болжанып отыр — бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 млн гектарға аз. Химиялық өңдеуге 443 бүріккіш техника мен 46 дрон тарту көзделген.
Өңірлерде жедел штабтар құрылып, іс-шаралар жоспары мен Жол карталары бекітілді. Бұл — зиянкестердің таралу қаупіне жедел әрекет етуге және жұмысты үйлестіруге мүмкіндік береді.
Зиянкестерге қарсы күрес шаралары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бақылауында.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жұмыс сапары аясында өңірде шегірткеге қарсы жүргізіліп жатқан қорғау шараларымен танысты.
Болжамға сәйкес, 2025 жылы Жамбыл облысында үйірлі шегірткелердің таралуы 107,63 мың гектар аумақты қамтуы мүмкін. Ауыл шаруашылығына келетін залалды болдырмау мақсатында өңірде химиялық өңдеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Бүгінгі таңда 14 мың гектар жер өңделді. Жұмысқа 36 арнайы техника жұмылдырылған, оның ішінде 2 ұшақ пен 3 ұшқышсыз авиациялық жүйе бар.
Айдарбек Сапаров жағдайды жіті бақылауда ұстау қажеттігін атап өтіп, дрондарды пайдалану арқылы атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын тексерді.
«Барлық қажетті препараттар сатып алынды. Техника жеткілікті. Мердігерлер өз міндеттемелерін сапалы әрі уақытылы орындап, өңдеудің жоғары тиімділігін қамтамасыз етуі тиіс», – деді министр.
Айта кетейік, 2024 жылы Жамбыл облысында 131 мың гектардан астам аумақ өңделіп, ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдануы мен зиянкестердің басқа өңірлерге таралуының алдын алуға мүмкіндік берілді.
Жұмыс сапары аясында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров өңірдегі агроөнеркәсіптік кешен нысандарын аралап, олардың қызметімен танысты.
Атап айтқанда, министр бекіре тұқымдас балық өсіру және тағамдық уылдырық өндіруге маманданған «Kazakh Osseter» ғылыми-өндірістік кәсіпорнының жұмысын көрді. Айдарбек Сапаров балық шаруашылығын агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде атап өтті.
«Маңғыстау облысы аквамәдениет саласында ерекше әлеуетке ие. Заманауи технологияларды қолдану балық шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. Мемлекет өз тарапынан бұл саланы жемшөп пен шабақтық материалдарды субсидиялау арқылы қолдауды жалғастырады», – деді министр.
Бүгінде өңірде жабық су айналымы жүйесімен жабдықталған үш кәсіпорын жұмыс істейді: «Kazakh Osseter», «Caspian Riviera» және африкалық жайын өсіретін «Natali Company». 2024 жылы бұл кәсіпорындар 63 тонна тауарлық балық өндірді.
2030 жылға дейінгі балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында жылына 100 мың тонна өнім өндіру көзделген. Бұл мақсатта қолданыстағы кәсіпорындарды кеңейту, 20 торлы шаруашылық, бір тоған шаруашылығы және бір жабық су айналымы жүйесімен жабдықталған кешен салу жоспарланған. Бұл кешендерде тұқы, бекіре және албырт тұқымдас балықтар өсіріледі.
«Kazakh Osseter» кәсіпорны заманауи жабық су жүйесі арқылы белуга, орыс және сібір бекіресі, шоқыр мен сүйрікті өсіреді. Кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаттылығы – 60 тонна балық және 1 тонна уылдырық. 2021 жылдан бері мұнда шамамен 7 600 тонна бекіре тұқымдас балық өсірілген.
Сонымен қатар, министр «Азық-түлік келісімшарт корпорациясына» тиесілі «Ақ Бидай-Терминал» АҚ астық терминалына барды. Бұл кәсіпорын Ақтау теңіз портында теміржол арқылы жеткізілген астықты кемелерге тиеумен айналысады.
Терминалдың жылдық тиеу қуаты 400–600 мың тонна аралығында. Ол 22,5 мың тонна астық сақтайтын 11 силоспен жабдықталған және тәулігіне 50 вагонға дейін қабылдай алады, бұл шамамен 3,5 мың тонна астыққа тең.
Қазақстан, Әзербайжан және Иранда астық терминалдарының тиімді жүйесі құрылған. Мысалы, Бакудегі Говсаны портындағы терминалдың жылдық қуаттылығы 600 мың тонна болса, диірмен кешені жылына 50 мың тоннаға дейін өнім шығарады. Амирабад портындағы «Amirabad Grain Terminal Kish» жылына 700 мың тонна астық тиеуге қауқарлы. Барлық терминалдар тәулік бойы жұмыс істейді және автоматтандырылған басқару жүйелерімен жабдықталған, бұл қызмет көрсету сапасын арттырады.
Аталған қуаттылықтар Каспий теңізі арқылы Иран, Әзербайжан және ары қарай Қара теңіз, Жерорта теңізі, Парсы шығанағы, Араб және Қызыл теңізі елдеріне астықты үздіксіз экспорттауға және транзиттеуге мүмкіндік береді.
Терминал аумағында оның даму перспективалары, жаңа экспорттық нарықтарды ашу және материалдық-техникалық базаны нығайту мәселелері талқыланды.
Министр астық жөнелту жұмыстарын күшейтуді және экспорттың үздіксіз жүзеге асырылуы үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне фитосанитариялық сертификаттарды тәулік бойы үздіксіз беруді қамтамасыз ету жүктелді.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі үйірлі шегіртке зиянкестері ошақтарын анықтау және жою жұмыстарын жалғастыруда.
Бүгінгі таңда шегіртке дернәсілдерінің таралуы Жамбыл және Түркістан облыстарында тіркелді. Фитосанитарлық іс-шаралар барысында 535,04 мың гектар жер тексеріліп, оның 227,7 мың гектары зиянкестермен залалданғаны анықталды. Оның ішінде, экономикалық зияндылық шегінен асатын аумақ 195,5 мың гектарды құрады.
189,1 мың гектар жер өңделді, оның ішінде:
– Жамбыл облысында – 0,7 мың гектар,
– Түркістан облысында – 188,4 мың гектар.
Жұмысқа 287 дана арнайы жерүсті бүрку техникасы, 4 ұшақ және 980 маман тартылды. Өңдеу агротехникалық тұрғыдан тиімді мерзімде, жоғары биологиялық тиімділікпен жүргізілуде.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдануының алдын алынып, шегірткелердің көршілес мемлекеттердің шекаралас аумақтарына көшуіне жол берілмеді.
Болжам бойынша, Қазақстан аумағында үйірлі шегірткелердің таралуы мүмкін жер көлемі 2,1 млн гектарды құрайды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 млн гектарға аз.
Қарсы күрес іс-шараларына 443 дана бүрку техникасын жұмылдыру жоспарланып отыр. Өңірлерде жедел штабтар құрылып, іс-шара жоспарлары мен жол карталары әзірленді.
Барлық жұмыстар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің тұрақты бақылауында.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (әрі қарай – Комитет) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес 2025 жылғы 2 мамырдан 2025 жылғы 17 маусым аралығында Комитеттің қызметіндегі келесі бағыттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізуді жоспарлағанын хабарлайды:
1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ішкі талдаудың қамтылу кезеңі – 2024 жылдың 01 мамырынан бастап 2025 жылдың 30 сәуіріне дейін.
Ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілетін болады.
2025 жылы шегірткеге қарсы фитосанитарлық іс-шараларды өткізу бойынша жедел штаб отырысы Түркістан облысында өтті. Жиынға ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының м.а. Сакен Каныбеков қатысты.
Кеңес барысында өңірде шегірткемен күресу үшін қабылданып жатқан шаралар талқыланды. Шегірткенің таралуы тіркелген 9 ауданда 65 жұмыс тобы құрылып, профилактикалық және жедел әрекеттерді қамтитын егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспары әзірленді.
Жағдайға мониторинг жүргізуге штаттық мамандар мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін қосқанда мыңнан астам адам жұмылдырылған.
Шегіртке дернәсілдерінің алғашқы жер бетіне шығуы биыл 3 сәуірде тіркелді. Олардың әрі қарай таралуының алдын алу мақсатында бекітілген жоспарға сәйкес химиялық өңдеу жұмыстары басталды.
Жалпы, 2025 жылы Қазақстанда шегірткенің таралуы 2,1 млн гектар аумақты қамтиды деп болжануда. Қорғау шараларын жүргізу үшін мердігер ұйымдармен келісімшарттар жасалып, кешенді қызметтер сатып алынды. Барлығы 443 бүріккіш техника жұмылдырылмақ. Оның ішінде Түркістан облысына 58 жерүсті бүріккіш, 4 ұшақ және 2 ұшқышсыз авиациялық жүйе тиесілі. Барлық техникалық құралдар қажетті техникалық тексеруден өтіп, жұмысқа дайын. Олар нақты жағдайға байланысты іске қосылады.
Шегірткеге қарсы күрес шаралары ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің бақылауында.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес шараларын ұйымдастыру және үйлестіру жөніндегі республикалық штабтың отырысын өткізді.
Оған Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, комитеттің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары қатысты.
2025 жылы шегіртке зиянкестерінің таралуы 2,1 миллион гектар аумақты қамтиды деп күтілуде, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 миллион гектарға аз. Шегірткеден қорғау шараларын жүргізуге республикалық бюджеттен 7,1 млрд.теңге бөлінді. Осы қаражат аясында 38 миллион гектар жерге зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Жұмысқа 4342 адам тартылады, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көп.
Қазіргі уақытта кешенді қызметтерді сатып алу жүргізілуде, мердігерлермен келісім-шарттар жасалды, өңдеуге 443 бірлік бүріккіш техника тартылады.
Шегірткелердің ең көп таралуы байқалатын өңірлерде жергілікті жерлерде жұмысты үйлестіру үшін облыс әкімдерінің орынбасарларының жетекшілігімен жедел штабтар құрылды.
Шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғау шараларын тиімді ұйымдастыру үшін іс-шаралар жоспары мен жол картасы әзірленді.
Қазіргі таңда Түркістан және Жамбыл облыстарында шегірткемен күресу бойынша дайындық жұмыстары басталып кетті.
Марокко шегірткелерінің дернәсілдеріне мониторингтік зерттеулер жүргізу үшін Түркістан облысына Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды және Абай облыстарынан мамандар жіберіледі. Өңірлерге барлығы 12 көлік жүргізушілері мен 20 аудандық бөлімшелердің басшылары мен мамандары жіберіледі.
2025 жылы шегірткеге қарсы күрес шаралары барлық мүдделі тараптардың барынша үйлестіруімен жүзеге асырылады, бұл ауыл шаруашылығы алқаптарының зақымдану қаупін айтарлықтай төмендетеді және шегіртке зиянкестерімен күрестің тиімділігін арттырады.