Түркістан қаласында Қаржылық мониторинг агенттігінің Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары бойынша департамент басшылары көлеңкелі экономикамен күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
Азаматтарды алаяқтық схемалардан қорғау, соның ішінде жастарды құмар ойындар мен вейптен аулақ ұстау, алдын алу шараларына ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ елдің оңтүстік өңірлері арқылы стратегиялық ресурстардың заңсыз шығарылу мәселелері қаралды.
Отырыста кеңес мүшелеріне мемлекеттік сатып алулар мен елдегі есірткі айналымы саласындағы ықтимал тәуекелдерді нақты уақыт режимінде анықтауға мүмкіндік беретін Агенттіктің IT-өнімдері таныстырылды.
«Агенттік жұмысының өзекті мәселелерін талқылауға қоғамның қатысуы — сенімді қалыптастырудың, ашықтықты арттырудың және құқықтық тәртіпті нығайтудың маңызды шарты», – деді Қоғамдық кеңестің төрағасы Бекназаров Н.К.
Өз кезегінде Агенттік Төрағасы Қоғамдық кеңестің қаржылық мониторинг органдары қызметін жетілдірудегі рөлінің маңыздылығын атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға, цифрлық талдау құралдарын дамытуға, сондай-ақ азаматтық қоғаммен сындарлы диалогты кеңейтуге бағытталған ұсынымдар әзірленді.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі