Павлодарда «TAKORP» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары салымшылардың қаражатына пәтер сатып алып, 4 депозит ашқан

Павлодарда «TAKORP» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары салымшылардың қаражатына  пәтер сатып алып, 4 депозит ашқан

2024 жылдың наурыз бен қыркүйек айлары аралығында күдіктілер «TAKORP» қаржы пирамидасын басқарғаны анықталды, ол АҚШ-тағы жарнамалық қосымшалар платформасы ретінде қызмет еткен.

Қатысушыларды тіркеу үшін электрондық криптобиржа «ОКХ» арқылы криптовалюта сатып алуды ұсынған.

Негізгі шарттардың бірі кемінде 5 жаңа салымшы тарту болған. Бұл шартты орындау «сыйлық дөңгелегі» ойынына қатысып, құнды сыйлық ұтып алу мүмкіндігіне кепілдік берген.

50-ден астам азамат осы уәделерге сеніп, 30-дан 500 АҚШ долларына дейін ақша салып, өз деңгейіне қарай 2 мың АҚШ долларына дейін бонустар алуды үміттенген.

Қылмыстық кірістің жалпы сомасы 50 млн теңгеден астам.

Күдіктілер салымшылардың ақша қаражатына Павлодар қаласында 10 млн теңгеге пәтер сатып алып, банктерде 8 млн теңге сомасына 4 депозит ашқан.

Сот санкциясымен жылжымайтын мүлікке және ақша қаражаттарына тыйым салынды.

Күдіктілерге қатысты «үйқамақ» және «елден кетпеу туралы қолхат» түрінде шара қабылданды.

ҚМА қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету, экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.

Егер Сізге экономикалық құқық бұзушылық жасау фактілері белгілі болса, бұл туралы "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.

Анонимділікке кепілдік беріледі.

 ҚР ҚМА Баспасөз қызметі