ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті 2022-2023 жылдары компьютерлік зал түрінде заңсыз құмар ойыны бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты.
Операторлар қатысушылардан банк аударымдары арқылы ақшалай бәстер қабылдап, кейін арнайы платформада тіркеп, ойындарға қатысу үшін логин, пароль және сілтеме беру арқылы жүзеге асырған.
Нәтижесінде топтың жалпы қылмыстық табысы 77 млн теңгеден асқан.
Жүргізілген қаржылық тергеу барысында күдіктілер заңсыз жолмен табылған қаражатқа 36 млн теңгеге «Toyota Land Cruiser» және «Mersedes-Benz 320» автокөлік сатып алғаны анықталды.
Сот үкімімен олар ҚР ҚК 307-бабы 2-бөлігі 2-тармағы (заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастыру) және 262-бабы 1-бөлігі, 2-бөлігі (ұйымдасқан қылмыстық топ құру, басқару және оларға қатысу) бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Қылмыстық жолмен алынған автокөліктер мемлекет пайдасына тәркіленді.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі