Жыл басынан бері ҚМА 20 млрд теңгеден аса шығынмен қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша 68 қылмыстық істі тергеді.
Бүгінгі таңда 13 млрд теңгеден астам қаражат өтелді.
Бұл туралы ҚМА мен Жоғары білім және ғылым министрлігімен бірлесіп еліміздің 100-ден астам жоғары оқу орындары үшін ұйымдастырылған құқықтық мәдениет және қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі вебинар барысында белгілі болды.
Шара «Тәртіпті өзіңнен баста!» эстафетасы аясында өткізілді.
Агенттікте алаяқтық жобалардың өмірлік циклін және оларға тартылған салымшылар санын қысқартуға бағытталған "Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл" арнайы жобасы енгізілді.
Ағымдағы жылдың басынан бері интернет кеңістігінде 47 қаржы пирамидасы анықталды.
Оларға қатысты әлеуметтік желілерде 300-ге жуық чат жабылып, шамамен 2 миллионға жуық қатысушы – әлеуетті салымшылар болған.
Осы жылы әлеуметтік желілерді талдау нәтижесінде қаржы пирамидасы белгілері бар сайттарға 11,7 мыңнан астам сілтеме бұғатталды.
Вебинар барысында қатысушыларға жинақтарын салу кезінде назар аудару қажет негізгі белгілер туралы айтылды:
Айта кетейік, Агенттікте қаржы пирамидаларының белгілерін тексеруге мүмкіндік беретін «Baiqa, piramida!» Telegram-боты іске қосулы.
Егер Сіз немесе жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетіне тап болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жүгінуді сұраймыз.
Азаматтарды сақ болуға және күмәнді қаржылық ұйымдарға жинақтарын салмауға шақырамыз.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі