Мамандандырылған ХҚКО қызметкері 3 млрд теңгеден астам залал келтіргені үшін қамауға алынды

Мамандандырылған ХҚКО қызметкері 3 млрд теңгеден астам залал келтіргені үшін қамауға алынды

Қаржылық мониторинг агенттігі «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бірлесіп ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпаратты енгізу арқылы жүк көліктерін заңсыз тіркеу мән-жайы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Тергеу барысында 2022 жылдың наурыз айы мен қыркүйек айларының аралығында Қонаев қаласы мамандандырылған ХҚКО қызметкері 413 жүк көлігінің бастапқы тіркеуін жүргізу барысында көлік құралдарының санатына қатысты ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпарат енгізген.

Нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 3 млрд 156 млн теңге көлемінде көлік құралдарын бастапқы тіркеу алымы түспеген.   

Аталған азаматқа қатысты сотпен күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тергеп-тексеру жалғасуда, өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Сондай-ақ, Агенттік экономикалық құқықбұзушылықтар жайлы «АФМ Insider» телеграмм боты арқылы хабарлау мүмкіндігі барын еске салады.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі