Қаржылық мониторингі агенттігінің Төрағасы Дмитрий Малахов ҚҚА алғашқы кәсіби даярлық тыңдаушыларымен кездесті

Қаржылық мониторингі агенттігінің Төрағасы Дмитрий Малахов ҚҚА алғашқы кәсіби даярлық тыңдаушыларымен кездесті

Кездесу барысында Агенттік басшысы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы, сондай-ақ экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтарды ашу мен тергеудің жолын кесу, алдын алу, анықтау және т.б. саласындағы өзекті бағыттар туралы айтты.

Құрылымдық бөлімшелердің жетекші қызметкерлері болашақ әріптестерімен қатар қаржылық тергеу жүргізудегі практикалық тәжірибелерімен бөлісті, өздерінің озық мүмкіндіктерін таныстырды.

Кездесу барысында құқық қорғау органдары Академиясының ректоры Марат Сексембаев құқық қорғау органдары басшылығының білім беру процесіне тікелей қатысуы болашақ қызметкерлерді даярлаудың маңызды бөлігі болып табылатынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдан бастап құқық қорғау органдары академиясы Экономикалық тергеу қызметіне 200-ге жуық тыңдаушы шығарды, қазіргі уақытта тағы 40 тыңдаушы дайындықтан өтуде.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі