Қазақстан Республикасының аумағында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымына тыйым салу туралы

Қазақстан Республикасының аумағында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымына тыйым салу туралы

Қазіргі уақытта ҚМА жеке тұлғалардың криптовалютамен заңсыз операцияларды (сатып алу/сату, тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін есеп айырысулар, Р2Р арқылы операциялар) жүргізуін байқады.

Криптовалюта көбінесе алаяқтық, қаржылық пирамида және қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату сияқты қылмыстарда қолданылады.

Осыған байланысты Қазақстан аумағында:

қамтамасыз етілмеген сандық активтерді шығаруға (Bitcoin, Ethereum және т. б.)

қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымына (Bitcoin, Ethereum және т. б. арқылы өзара есеп айырысу)

қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер бойынша цифрлық активтер биржаларының қызметіне (қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді валютаға және валюталарды қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерге айырбастау жөніндегі қызметтер)тыйым салынғанын еске саламыз.

Осы тыйымның бір ғана ерекшелігі бар – «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) лицензиясын алған биржалардың қызметі. Сізде қызығушылық тудыратын барлық сұрақтар бойынша  ҚМА 14-58 Call-орталығына хабарласыңыз.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі