
«Qnet» қаржы пирамидасының филиалын ұйымдастырушы Ақтөбе облысында сотталды.
Еске салайық, қаржы (инвестициялық) пирамидасын аса ірі мөлшерде ақша немесе өзге де мүлікті тарта отырып ұйымдастыру және қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру фактісі бойынша істі ҚМА Ақтөбе облысы бойынша Департаменті тергеп-тексерген болатын.
Г.Жумагазина 2019 жылғы қаңтар мен 2022 жылғы маусым аралығында Ақтөбе және Хромтау қалаларында қызметі бірқатар шет елдерде қаржы пирамидасы деп танылған, заңды желілік маркетинг ретінде жасырылған Qnet халықаралық компаниясының құрылымдық бөлімшесінің тәуелсіз өкілі ретінде тіркеліп, басқарғаны анықталды.
Қаржылық мониторинг органдарына 25 азамат шағымданып, оларға келтірілген шығын 37,5 млн теңгеге жуық соманы құрап отыр. .
Г.Жумагазина 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Кәмелетке толмаған баланы ескере отырып, жазаны өтеу 5 жылға кейінге шегерілді.
Барлық салымшылардың салымдарынан табылған 286 млн теңге көлеміндегі мүлік мемлекет пайдасына тәркіленді.
Қаржы пирамидасын құру қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланатынын ескертеміз.
Егер сіз экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз. https://t.me/afm_insider_bot
Қаражатты инвестициялау кезінде компанияның сенімділігін тексеру қажет. Осы мақсатта «Baiqa, piramida!» телеграм боты жұмыс істейді. https://t.me/BAIQApiramidaBOT
Бейнематериалға сілтеме: https://youtu.be/BpLxKIhfOpg
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі