Қазақстан мен БАӘ қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатумен күрес саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде

Қазақстан мен БАӘ қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатумен күрес саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде

БАӘ-нің Кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі атқарушы кеңсесінің делегациясы елордаға арнайы сапармен келді.

Сапар барысында БАӘ Атқарушы кеңсесі мен Қаржылық мониторинг агенттігі қаржылық қылмыстармен күресте ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Құжат негізгі төрт бағыт бойынша ынтымақтастықты көздейді:

- тараптар виртуалды активтер саласында өзекті тәуекелдер және оларды реттеу мен қылмыстық схемаларды анықтау жөніндегі озық тәжірибелер туралы ақпаратпен алмасатын болады;

- мемлекеттік- жекеменшік әріптестік бойынша тараптар мемлекеттік және жеке сектор арасында ақпарат алмасу тетіктерін әзірлеуде ынтымақтасатын болады. Мұндай тетіктер қаржылық қылмыстарды тиімдірек анықтап, оның жолын кесуге мүмкіндік береді;

- отандық сарапшылардың кәсібилігін шыңдауға бағытталған бірлескен оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда;

- қылмыстық активтерді қайтару мәселесі бойынша ынтымақтастықты нығайту.

Өзара түсіністік туралы Меморандум трансұлттық қаржылық қылмыстарға қарсы іс-қимылда екіжақты ынтымақтастықты дамытуға БАӘ Атқарушы кеңсесі мен ҚМА арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болып табылады.

Анықтама: БАӘ АЖ/ТҚҚ Атқарушы кеңсесі 2021 жылы құрылған және АЖ/ТҚҚ Ұлттық стратегиясының және БАӘ Ұлттық іс-қимыл жоспарының іске асырылуын бақылауға арналған ұйым.

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі