БҚО-да сәйкестендіру құралдарынсыз 1,5 млн-нан астам қорап темекі жойылды

БҚО-да сәйкестендіру құралдарынсыз 1,5 млн-нан астам қорап темекі жойылды

ҚМА БҚО бойынша Департаментімен Орал қаласында алынған заңсыз темекінің кезекті партиясы жойылды.  

Құны 967 млн теңгеден асатын 1,6 млн қорап темекі өртенді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Департамент сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп, екі өлшемді матрицалық штрихкодсыз темекі өнімдерін сататын адамдар тобы анықталған болатын.

Соттың шығарған үкімі негізінде адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылды, ал тәркіленген темекі жойылуға тиіс болды.

Сондай-ақ, басқа іс бойынша сот бұған дейін ҚМА БҚО бойынша департаментінің заттай дәлелдемелерді, атап айтқанда, тиісті құжаттарсыз заңсыз кәсіпкерлік қызметті анықтау нәтижесінде тәркіленген DataMatrix бар темекілерді өткізу туралы өтінішін қанағаттандыру туралы қаулы шығарған болатын.

Осы сатылымнан түскен 84 млн теңге сомасындағы қаражат сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін сот шешімі бойынша мемлекет кірісіне аударылды.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі