Алматыда электронды темекіні заңсыз сату арнасы жойылды

Алматыда электронды темекіні заңсыз сату арнасы жойылды

Электронды темекіні (вейп) заңсыз көтерме саудалау қызметінің жолын ҚМА Алматы қалалық Департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен жүргізді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қалада электронды темекіні заңсыз көтерме сатқан сауда және қойма үй-жайлары анықталды.

Тінту кезінде жалпы сомасы 80 млн теңгеден асатын 55 мыңнан астам электронды темекі табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Құрметті ата-аналар! Ғалымдардың зерттеулері бойынша, вейптерді қолдану жасөспірімдердің дамуына кері әсерін тигізетінін, есте сақтау, зейінді шоғырландыру, өзін-өзі бақылау және оқу қабілетіне зиянды әсер ететінін еске саламыз.

Ата-аналардан балаңыздың мінез-құлқына, денсаулығына және оның сатып алуларына назар аударуын сұраймыз.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі