Қостанайдағы бір топ азамат жасанды долларларды ел аумағында өткізумен айналысқан

Қостанайдағы бір топ азамат жасанды долларларды ел аумағында өткізумен айналысқан

Қостанайда 5 азамат өңір аумағы мен Астанада жалған АҚШ долларын сатқан

Шарапиев С., валют тауып әкелумен айналысса, Қостанай облысының аумағында сатуды Жакупов Т. және Шаймердинов А., Астана аумағында таратуды ерлі-зайыпты Бердімұратовтар жүргізді.

30 000 жалған доллардың 28 600-і сотқа дейінгі тергеу барысында анықталып, тәркіленді.

Аталған қылмыстарды жасағаны үшін сотталушыларға «Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу» бабымен, сондай-ақ жәбірленушілерді алдау фактілері болғандықтан «Алаяқтық» бабы бойынша айып тағылды.

Сот үкімімен Шарапиев С. ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде 5,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына, Шаймердинов А. мен Жакупов Т. орташа қауіпсіздік мекемесінде 5,5 жылға дейін, Бердімұратовтар жұбайлары шартты түрде 5 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды.

ҚМА мемлекеттің қаржылық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін «көлеңкелі» экономика саласындағы қылмыстар фактілерін ашуға бағытталған іс-шараларды жалғастыратын болады.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі