ҚМА Шымкент қаласы бойынша Департаментінің қызметкерлері нақты жұмыстарды орындамай, қызметтерін көрсетпей, тауарларды жөнелтпей, жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысқан 2 азаматтың әрекетін әшкереледі.
Олар 2021 жылдың сәуірінен 2022 жылдың тамызына дейінгі аралықта жалпы айналымы 2,1 млрд теңгеден асқан 6 компания құрды, соның салдарынан мемлекеттік бюджетке салық түрінде 700 млн теңгеге жуық қаржы түспей қалды.
Сот үкімімен аталған тұлғалар қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі