Деңгейдің жақсы көрсеткіштері ретінде «Терроризмге, діни экстремизмге қарсы іс-қимыл» 9-Тікелей нәтижесінің жоғары бағалауы («Тиімділіктің елеулі деңгейі») болып табылады.
Бағалауға дайындық кезеңінде терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл механизмдерін реттейтін бірқатар заңнамалық актілерге түзетулер енгізілді.
Қылмыстық кодексте террористік санатына жатқызылған 15 бап және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде - 2 бап, экстремизм бойынша – ҚР ҚК - де 12 бап, ӘҚБтК-де-1 бап енгізілген.
Трансұлттық терроризмге қарсы күрестің тәуекелдерін сәтті азайту үшін Қазақстан осы саладағы 19 халықаралық конвенцияның қатысушылар қатарына қосылды.
Көпжақты және екіжақты форматындағы ынтымақтастық біздің мемлекетпен қылмысқа, оның ішінде терроризмге қарсы күрестің түрлі салаларында 90-нан астам шарт жасалды.
Қазақстан БҰҰ-ның терроризмді және ядролық терроризм шабуылдарын қаржыландыруға қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияларының Тарабы болып табылады.
Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясы шеңберінде ынтымақтастық пен ақпарат алмасу жүзеге асырылады.
Тиімді өзара іс-қимыл көршілес мемлекеттермен және ТМД-ға қатысушы елдермен де ұйымдастырылған.
Өткен жылы Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасында шартқа қол қойылды.
Аталған мемлекеттердің қаржылық барлау арасындағы өзара іс-қимылы барысында Ауғанстанға және терроризм белсенділігі жоғары елдерге қаржылық ағындары бақыланады.
Бейінді заңдарда қаржылық барлау бөлімшелерінің терроризмге қарсы өкілеттіктері және БҰҰ ҚК-ның нысаналы санкцияларын іске асыру механизмдері реттелген.
ФАТФ талаптарына сәйкес БҰҰ ҚК-ның, халықаралық ұйымдардың және ұлттық тізбелеріндегі адамдардың операцияларын тоқтату бойынша шаралар қабылдаудың кешіктірусіздігі туралы норма бекітілді.
Заңмен енгізілген параллельді қаржылық тергеу институты қылмыстарды ашудың жедел-тергеу және аналитикалық әдістерінің кең спектрін, соның ішінде қаржылық барлау бөлімшелерінің мүмкіндіктерін пайдалануға мүмкіндік береді.
Террористердің тиімді құралы - Интернет. Бұл желі радикалдық идеологиясы бар халықаралық терроризм ұйымдары тарапынан, сондай-ақ орыс, ағылшын және Орталық Азия өңіріндегі елдердің тілдерінде жалған («өтірік») мәліметтерді таратудың негізгі арнасы болып қала береді.
Осыған байланысты әлеуметтік желілерді пайдалануды шектейтін жекелеген арналардың жұмысын қатаңдататын бірқатар нормативтік құқықтық актілер қабылданды.
Жастардың осалдығын және олардың әртүрлі қоғамға қарсы және қылмыстық топтардың теріс әсеріне ұшырауын ескере отырып, жас ұрпақты тәрбиелеу және қолдау бойынша бірқатар заңнамалық және халықаралық актілері қабылданды.
Осылайша, мемлекет діни экстремизмнен және терроризм қаупінен адамның, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заңнамалық сипаттағы шаралар қабылдауда.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі