ІІІ Халықаралық Қаржылық қауіпсіздік олимпиядасына іріктеу басталды

ІІІ Халықаралық Қаржылық қауіпсіздік олимпиядасына іріктеу басталды

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, «Тұран» университеті, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы студенттер мен магистранттарды 2023 жылғы Қаржылық қауіпсіздік бойынша Халықаралық олимпиадаға іріктеу турына қатысуға шақырады.

Олимпиада Жастардың қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыруға, қаржылық қауіпсіздіктің заманауи трендтерін көрсетуге, қаржы саласындағы тәуекелдер мен қауіп-қатерлерге қарсы тұруды үйретуге, сондай-ақ Сочи қаласында өтетін Олимпиаданың финалына шығуға мүмкіндік береді.

Олимпиадаға ерікті негізде 2-3 курс студенттері мен магистранттар жеке қатысады. Олимпиадаға қатыспас бұрын қатысушылар міндетті түрде сауалнаманы толтыруы керек.

Олимпиадаға қатысуға құқықтану, экономика және есеп, қаржы, ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттық технологиялар саласында оқитын студенттер шақырылады.

Іріктеу туры онлайн және офлайн форматта қазақ, орыс тілдерінде (қатысушылардың қалауы бойынша) өткізіледі. Сочи қаласындағы «Сириус»  қорытынды кезеңі орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.

Іріктеу турына қатысу үшін ақы алу қарастырылмаған.

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 21 мамырға дейін Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің сайтында мына сілтеме бойынша қабылданады https://buketov.edu.kz/kz/page/faculty/faculty-econ/buh4