Ағымдағы жылдың 3 мен 4 мамыр аралығында "Эгмонт" Комитетінің отырысы Манама қаласында (Бахрейн Корольдігі) өтті

Ағымдағы жылдың 3 мен 4 мамыр аралығында "Эгмонт" Комитетінің отырысы Манама қаласында (Бахрейн Корольдігі) өтті

Отырыс барысында қаржылық барлау бөлімшелері басшыларының (ҚББ) отырысына қарсы "Эгмонт" тобының IT-жүйесін жаңарту және жаңа қорғалған Эгмонт желісін іске қосу жөніндегі құжаттар топтамасы бекітілді.

Комитет мүшелері 2023 жылғы шілде айындағы Эгмонт тобының 29-шы Пленарлық отырысы бағдарламасының жобасын бекітті. "Еуразия" тобының Аймақтық өкілі Комитет мүшелерінің мақұлдауы үшін 2023-2024 жылдарға арналған өңірлік жоспарын таныстырды.

Ағымдағы жылдың наурыз айында "Еуразия" тобының Аймақтық өкілі ретінде ҚР ҚМА Төрағасының бірінші орынбасары – Ғабит Садырбеков сайланды.

"Эгмонт" комитеті 2002 жылы Эгмонт тобының консультативтік және үйлестіруші органы ретінде ҚББ басшылары тапсырған бірқатар шешім қабылдау өкілеттіктерімен құрылды.