Елордада жалпы айналымы $34 млн құраған «ABS Change» крипто айырбастау пунктінің заңсыз қызметі әшкереленді

Елордада жалпы айналымы $34 млн құраған «ABS Change» крипто айырбастау пунктінің заңсыз қызметі әшкереленді

ҚР 3 азаматының "ABS Change" крипто айырбастау пункті арқылы цифрлық активтерді айырбастау саласындағы заңсыз кәсіпкерлік қызметін ҚМА елордалық департаменті әшкереледі.

Аталған азаматтар заңсыз әрекеттерін АХҚО алаңынан тыс жерде іске асырған. Олар 2021-2023 жылдар аралығында Астана қаласының аумағында қылмыстық қызметін жүзеге асырды.

Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде айырбастау пунктін ұйымдастырушыладың заттары, 342 000 АҚШ доллары және 7 млн теңгесі тәркіленді. "Binance" платформасында 2 крипто әмияннан 23 мыңға жуық АҚШ доллары сомасына криптоактивтер анықталып, оларға уақытша шектеу қойылды.

Алдын ала есеп бойынша "Binance" платформасындағы крипто айырбастау пунктінің крипто әмияндарының жалпы айналымы шамамен 34 млн (33 737 980) АҚШ долларын құрады.

Тергеу жалғасуда. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, ҚМА жұмысында негізгі назар көлеңкелі бизнеске қарсы іс-қимылға бағытталған.
Былтыр қабылданған шаралар кешені көлеңкелі экономика деңгейінің 21,5% болжамды мәнімен 19,7%-ға дейін төмендеуіне оң әсер етті.

Call-центр 1458

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі