Ағымдағы жылдың 31 қаңтары мен 3 ақпаны аралығында Дакар қаласында (Сенегал) "Эгмонт" тобының Комитетінің, жұмыс және аймақтық топтарының отырыстары өтті

Ағымдағы жылдың 31 қаңтары мен 3 ақпаны аралығында Дакар қаласында (Сенегал) "Эгмонт" тобының Комитетінің, жұмыс және аймақтық топтарының отырыстары өтті

Отырыс барысында әлемнің қаржылық барлау қызметінің халықаралық өзара іс-қимылына қатысты көптеген мәселелер қаралды. Абу-Даби қаласындағы келесі 29-шы Пленарлық отырыстың талқылау тақырыбы анықталды. 2023 жылы екі жылдық санақ жүргізу мәселелері талқыланды, бұл ұйымға өз мүшелерінің күшті жақтары мен қажеттіліктерін жақсы түсінуге және оларға жақсы қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Отырыс барысында Комитет мүшелері "Эгмонт" тобы Төрағасының 2023-2024 жылдарға арналған басымдықтарын да қолдады.

Анықтама: "Эгмонт" тобы – әлемнің 166 елінен келген қаржылық барлау бөлімшелерінің (ҚББ) бейресми бірлестігі, оның шеңберінде 8 аймақтық топ (Шығыс және Оңтүстік Африка, Америка, Азия-Тынық мұхиты аймағы, Еуразия, Еуропа I, Еуропа II, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка, Батыс және Орталық Африка) және 4 жұмыс тобы кіреді.

Комитет отырыстарында ҚМА Төрағасының бірінші орынбасары Ғабит Садырбеков "Еуразия" тобының өкілі (Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан) міндетін атқарды.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі