СҚО жол құрылысы кезіндегі ұрлық фактісі анықталды. 53,5 шақырымның 27 шақырымы жоқ болған

СҚО жол құрылысы кезіндегі ұрлық фактісі анықталды. 53,5 шақырымның 27 шақырымы жоқ болған

«Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісін ҚМА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері анықтады.
  
Жол төсемі болмай тұрып, пайдалануға беру туралы құжаттарға қол қойылды. Жоспарланған 53,5 шақырым жолдың 27 шақырымы жоқ. Келтірілген шығын көлемі шамамен 450 миллион теңгені құрады. Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда жол салу кезінде жымқыру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу нәтижесінде ұрлыққа қатысы бар тұлғалар анықталды. Іс сотқа жіберілді.
  
Жергілікті тұрғындар үшін бұл жолдың салынуы облыс орталығынан шалғай орналасқандықтан әлеуметтік маңызы бар. ҚМА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің осындай жұмыстарды жүргізуі қазіргі уақытта кейбір учаскелері жұмыс істеп тұрған тас жол құрылысын қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

Сенім телефоны:
8 (7172) 708-478

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі