ҚМА жалған шетел валютасын елге әкелу және таратуды жүзеге асырған қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті

ҚМА жалған шетел валютасын елге әкелу және таратуды жүзеге асырған қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті республиканың аумағына АҚШ  долларларындағы жоғары сапалы жалған шетел валютасын кіргізу және таратуды жүзеге асырған қылмыстық топтың қызметінің жолын кесті.

Жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізу барысында Түркия Республикасының астанасынан елімізге жалған шетел валютасын жеткізудің барлық тізбегі анықталды.

Тергеу соты Қазақстан Республикасының 3 азаматына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Түркия Республикасының Құқық қорғау органдары жалған валюта жеткізудің қылмыстық арналарының жолын кесу бойынша бірлескен жұмыс жүргізуге жұмылдырылған.

Елімізге әкелінген 30 000 жалған АҚШ долларының 28 600 сотқа дейінгі тергеу барысында анықталды және тәркіленді.

ҚМА Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ ел қонақтарын айырбастау операциялары кезінде қырағылық таныту қажеттігі және оларды тек банктердің мамандандырылған пункттері мен бөлімшелерінде ғана жүзеге асыру керек екені туралы ескертеді.

ҚМА Баспасөз қызметі