Қаржылық барлау өкілдері – "Еуразия" өңірлік тобының қатысушылары ынтымақтастық мәселелерін талқылап, "Эгмонт" тобына Аймақтық өкілдің кандидатурасын ұсынды

Қаржылық барлау өкілдері – "Еуразия" өңірлік тобының қатысушылары ынтымақтастық мәселелерін талқылап, "Эгмонт" тобына Аймақтық өкілдің кандидатурасын ұсынды

Бейне-конференц-байланыс форматында "Эгмонт" тобы құрамындағы "Еуразия" аймақтық тобының отырысы өтті.

Іс-шараға Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы қаржылық барлау бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Іс-шараға қатысушылар "Еуразия" аймақтық тобының алдағы даму стратегиясын талқылады. Жұмыстың басым бағыттары ретінде "Эгмонт" тобының жұмысында қаржылық барлау белсенділігін арттыру және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері айқындалды.

Отырыста есірткінің заңсыз айналымына, террористік сипаттағы қылмыстарға және басқа да ауыр трансшекаралық қылмыстық әрекеттерге қарсы іс-қимыл бағыттары бойынша ақпарат алмасу саласындағы бірлескен жұмыстың нәтижелері қаралды.

Сондай-ақ, отырыс барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының өкілі – ҚР ҚМА Төрағасының бірінші орынбасары
Ғ.А. Садырбековты "Эгмонт" тобындағы Аймақтық өкілі ретінде ұсыну бойынша бірауыздан шешім қабылдады.

Анықтама: "Эгмонт" тобы – ақшаны жылыстатуға қарсы күрес жөніндегі, оның ішінде қорғалған режимде ақпарат алмасуды кеңейту, персоналдың біліктілігін арттыру, жаңа технологияларды пайдалана отырып байланыс арналарын дамытуға жәрдемдесу жөніндегі ұлттық бағдарламаларға қолдау көрсететін қаржылық барлау бөлімшелерінің халықаралық кәсіби бірлестігі. Қазіргі уақытта "Эгмонт" тобы әлемнің 166 юрисдикциясының ҚББ біріктіреді. Штаб-пәтері: Оттава қаласы, Канада.