Қарағанды облысында бюджет қаражатын жымқырудың қылмыстық схемасы фактісі анықталды

Қарағанды облысында бюджет қаражатын жымқырудың қылмыстық схемасы фактісі анықталды

ҚМА Қарағанды ​​облысы бойынша департаментімен «Qamqor» жедел-алдын алу шарасы барысында анықталған Мүмкіндігі шектеулі жандарды санаториялық-курорттық емделу, сауықтыру демалысымен қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру қылмыстық схемасы бойынша іс тергелуде.

Тергеу барысында тапсырыс беруші мен ЖШС арасында мерзімі наурыздан желтоқсанға дейін мүгедектерді санаториялық-курорттық емдеу, емдік-сауықтыру демалысын қамтамасыз ету бойынша 50 млн теңгеге жуық сомаға мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт жасалғаны анықталды.

Тапсырыс берушінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын тексеру актісімен, мүгедектердің шипажайға барудың жалған фактілері анықталған. ЖШС-ға бір жарым миллион теңгеге жуық қаражат негізсіз төленген.

Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етілуге ​​жатпайды.

@afm_rk  

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі