Алматыда «AA Trade Company» ЖШС басшысына қатысты аса ірі көлемде мұнай өнімдерін заңсыз сақтау және сату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды

Алматыда «AA Trade Company» ЖШС басшысына қатысты аса ірі көлемде мұнай өнімдерін заңсыз сақтау және сату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды

Тергеу барысында ЖШС басшысы жалпы сомасы 14,6 млн теңгеге 78 тонна дизель отынын шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз сатып алу-сатумен айналысқаны анықталды.

Сот үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, оған шартты түрде рақымшылық қолдану арқылы 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Құрметті азаматтар мен кәсіпкерлер!

Егер Сіз жанар-жағармай материалдарын республикадан тыс жерлерге заңсыз сату немесе әкету фактілері туралы хабардар болсаңыз немесе уәкілетті органдар мен ұйымдардың қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілеріне тап болсаңыз, ҚМА немесе аумақтық департаменттерге сенім телефондарына хабарлауыңызды сұраймыз.

@afm_rk

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі